Головкин мен Сондерс жекпе-жегі күзге қалды

Головкин мен Сондерс жекпе-жегі күзге қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек күзге дейін шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзінше қос тарап мамыр немесе маусым айында жекпе-жек өткізу туралы бір келісімге келе алмаған. </span>

<span>- Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлесіп, Головкин — Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді шештік. 5-ші мамыр күнгі жекпе-жектен Биллидің жарақаты болғандықтан бас тарттық. </span>

<span>Егер 23-ші маусым Билли Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғаса, күзде Головкинмен жұдырықтасады. Бұл керемет жекпе-жек болады және оны Британияда ұйымдастырғымыз келеді</span><span>», - деді Фрэнк Уоррен.</span>

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің 5-ші мамырда кіммен жекпе-жек өткізетіні әлі белгісіз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или