Гай Ассулин «Қайратқа» керек болмай қалды
Алматылық «Қайрат» командасы ақпан айының басында аттай қалап алдырған Гай Ассулинмен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

«Халықтық команданың» ресми сайтында жазылуынша, командаға екі жыл бойы көмектеседі деп жоспарланған футболшының аяқастынан алатайдай бүлінуіне отбасылық жағдайы себеп болған көрінеді.

Отбасын бәрінен биік қоятын ойыншы алматылық клубтан алатын қомақты жалақысына да қарамай клуб басшыларымен өзара келісімге келіп, еліне қайтыпты.

Екі айға жуық уақыт команда үшін тер төккен Израиль елінің футболшысына клуб жауаптылары өз рақметтерін айтып шығарып салыпты. Ал өз кезегінде ойыншы да алматылық жанкүйерлерге алғыс білдіріп, қысқа уақыт доп тепкен командасының алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектес екенін жеткізген.

Тағы бір айта кетерлігі, Ассулиннің кетуімен «Қайрат» футбол клубы 35 млн теңге қаржысын үнемдеп қалды. Себебі, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ережесі бойынша, бір клубқа тек сегіз легионер тіркеуге ғана рұқсат берілген. Егер сегізден асып кетсе, әр шетелдік ойыншы үшін аталған көлемде қосымша қаржы төлеуі керек болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» кеше ғана бразилиялық жартылай қорғаушы Хуан Фелипе Алвес Рибейроны сатып алғандарын жариялаған болатын.