Ресми: Хуан Фелипе - «Қайраттың» ойыншысы

Ресми: Хуан Фелипе - «Қайраттың» ойыншысы

Алматылық «Қайрат» футбол клубы бразилиялық ойыншымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшының толық аты - Хуан Фелипе Алвес Рибейро. Бразилиялық футболшы алдыңғы шептегі жартылай қорғаушы ретінде ойнайды.

Хуан футболдағы алғашқы қадамын «Сантос» командасында бастаған. Ал кәсіпқой деңгейдегі мансабында алғашқы клубы «Саунту-Андре» болды. Одан кейін бразилиялық «Ред Булл Бразил» және «Сао Карлос», боливиялық «Ориенте Петролеро» және болгариялық ЦСКА секілді командаларда өнер көрсетті.

Соңғы уақытта Македония біріншілігінде ойнаған. «Вардар» сапында Еуропа Лигасына қатысып, алты ойында бір гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или