Джефф Мейвезер: Флойд пен Макгрегор ақша үшін ғана жұдырықтасады

Джефф Мейвезер: Флойд пен Макгрегор ақша үшін ғана жұдырықтасады

Флойд Мейвезердің ағасы октагонда өтетін шаршы алаңдағы кездесудің қандай мақсатпен ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Бес түрлі салмақ дәрежесі бойынша экс чемпион Кіші Флойд Мейвезердің ағасы Джефф Мэйвезер алдағы шаршы алаңдағы кездесудің басты мақсаты ақша болып отырғанын айтып өтті. Яғни қос боксшы осы кездесу арқылы өздерінің ақшаға қатысты мәселелерін реттеп алмақ.

«Флойд Конормен октагонда ақша үшін ғана жұдырықтаспақ деген ойдамын. Мұнымен қатар, олар бірінші рет шаршы алаңда кездескен кезде де ақша туралы ойлағандарына сенімдімін», - дейді Джефф Мейвезер.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Мейвезер Макгрегормен кездескен жағдайда оны қалай соққыға жығатынын көрсеткен болатын.<span><br /></span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или