SportSarap
Теннис

Надаль жарақатына байланысты ойыннан бастартты

Надаль жарақатына байланысты ойыннан бастартты
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Австралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмай қалды.

Испаниялық теннисші шешуші сетте оң аяғын жарақаттап алып, хорватиялық Марин Чиличпен ойынын жалғастырудан бас тартты.

Теннисшілердің корттағы ойыны 3 сағат 52 минут жалғасып, 5 сеттің басында, есеп 2:0 кезінде Надаль ойынды жалғастыра алмайтынын қарсыласына жеткізді. Марин Чилич ойында 8 рет екілік қате жіберіп және 19 брейк-пойнттың 5 ғана пайдалана алды, Надальдің есебінде 3 эйс, 2 екілік қате және 2 брейк. Ойынның жалпы есебі 6:3, 3:6, 7:6, 2:6, 0:2.

Жартылай финалда Марин Чилич ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер