ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин іс-сапармен Таразға келді

Жамбыл облысы футболының бүгінгі жәй-күйімен танысуға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин келді, деп хабарлайды «Тараз» клубының баспасөз қызметі.

Күні кеше, "Тараз" және "Шахтер" командалары арасындағы ойынға қатысқан мәртебелі мейман бүгін Тараз қаласында орналасқан бірқатар футбол стадиондарын аралап көрді.

Алдымен "Жастар" стадионында болған қонаққа "Тараз" футбол клубының директоры Махамбет Дүйсембаев футбол алаңының жағдайымен таныстырып, ондағы ойыншылар тұрақтайтын негізгі база жұмысын көрсетті. Одан кейін Азамат Айтхожин осында өтіп жатқан ойындарды тамашалап, өскелең ұрпақ жастармен жүздесті. Оларға қазірден бастап мықты футболшы болуға талпыну керектігін айтты. Өйткені Жамбыл жері талай атақты футболшылардың шыққан жерді, - деді бас хатшы.

ҚФФ-ның бас хатшысы одан кейін "Монтажник" футбол стадионына барды. Онда жасыл алаңның қазіргі жағдайын көріп, стадионның материалдық-техникалық базасымен танысты. Аталған ойын алаңдары туралы өз ойын айтқан Азамат Айтхожин "Тараз" футбол клубының жұмысына оң бағасын берді. Астанадан келген қонақтар арасында ҚФФ-ның вице–президенті, футбол ардагері Сейілда Байшақовтың болғандығын да айта кету керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или