Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионаты туралы промороликке түсті

Бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты туралы түсірілген проморолик жарияланды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокстан әйелдер арасындағы біріншілікке алғаш рет Қазақстанның боксшылары қатысып жатыр. Роликте екі образ біріктірілген 2014 жылы бокстан әлем чемпионы болған боксшы қыз Назым Қызайбай мен аңызға айналған Томиристің образы. "Жеңістің рухы біздің спортшыларымыздың батыл жүректерінде болады", - делінген роликтің сипаттамасында.

Бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты Астанада 19 мамырда басталып, 27 мамырға дейін жалғасады. Чемпионатқа 64 елдің боксшы қыздары қатысады. Жарыста Риода өтетін Олимпиадаға 12 жолдама ойнатылып, бокстан әйелдер арасындағы әр үш олимпиадалық салмақ дәрежесіне төрт лицензиядан беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или