Владимир Муханов: «Астананың» тәжірибесі мен шеберлігі бізден жоғары»

«Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері Владимир Муханов «Астанамен» (0:1) өткен ойын жайлы өз пікірін айтты.

— Қай командаға қарсы ойнап жатқанымызды білдік. Қарсыласымыздан қорыққан жоқпыз, бірақ «Астананың» бізбен салыстырғанда тәжірибесі мен шеберлігі жоғары. Бір құраммен жыл сайын өнер көрсетіп келеді. Елордалық командамен қорғаныста ойнап, қарымта шабуылда мүмкіндік іздедік. Ойыншыларым тырысты, гол соғатын жалғыз сәтті пайдалана алмадық. «Астанада» да көп мүмкіндік болмады. Енді бұл жеңілісті ұмытып, алдағы ойынға дайындалуымыз қажет.

— Әлібек Бөлешев негізгі құрамда ойнауға әлі де дайын емес па?

— Физикалық тұрғыда бүгін ойнауға дайын болды. Бірақ Бөлешевтің қорғаныста аса мықты емес екенін ескеріп, басқа ойыншыны алаңға шығардық. Барлығы қарсылас командаға байланысты.

«Астана» ФК баспасөз-қызметінен*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или