Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші ойынын жеңіспен аяқтады

КСРО спорт шебері Антон Рохусович Шохты еске алуға арналған VIII халықаралық турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойында қырғыздың «Абдыш-Ата» командасымен кездесті.

Бірінші таймда қорғаушы Александр Усачевтің голынан кейін Қазақстан құрамасы алға шықты. Екінші таймның ортасында біздің құраманың капитаны Дінмұхамед Қашкен айып добын сәтті орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирдің топтық кезеңіндегі барлық ойында жеңіске жетті. Айта кетейік, алғашқы матчта өзбекстандық «Спартак» командасын 5:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде ресейлік «Ротор» командасынан 3:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан U-17 - «Абдыш-Ата», Қант - 2:0 (1:0)

Голдар: Усачев 17, Қашкен 61

Қазақстан U-17: Медведев (Устименко 41), Сауытов (Әйтім 41), Красноперов (Махан 50), Усачев, Шәмші (Нұрсейітов 55), Қашкен, Грабко (Сейдахмет 41), Совет, Қайыркенов, Ілиясов, Жақыпбаев (Кеңесов 30).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или