Самат Смақов «Алтайға» қолдау көрсетті
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбенің» капитаны Самат Смақов жаңадан құрылған «Алтай» футбол клубына қолдау көрсетті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Менің туған жерім Шығыс Қазақстанда жаңадан құрылған «Алтай» футбол клубы туралы соңғы кездері көп әңгіме айтылуда. Онда менің жерлесім әрі жақын досым Андрей Карпович ойнайды. Сондай-ақ, командада Семей мен Өскеменнің тумалары өнер көрсетіп жүр. Мен үшін бұл бөтен команда емес. Сондықтан «Алтай» футбол клубына қолдау көрсеткім келеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
ҚФФ-ның «Алтайдан» тоғыз ұпай алуына наразымын. Тым қатаң жаза. Қарызды өтеп жүрмеген басқа командаларға тиіспей, тек «Алтайды» ғана жазалау мен үшін түсініксіз жайт. «Ертіс» пен «Ақтөбе» де былтыр ойыншылар алдында қарыз болды емес пе? Мен тек әділетті шешім үшін. «Алтайдың» ұпайлары қайтарылады деген үміттемін», - деп жазды Смақов Facebook-тегі ресми парақшасында. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или