Жастар арасында Азия чемпионаты бастауын алды

18 елдің жас спортшылары бақ сынайтын Павлодардағы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты басталды.

Облыс әкімі Болат Бақауов сәттілік тіледі. Әкім өз сөзінде Павлодарда алғаш рет өткізіліп отырған мұндай жарыс жастарды спортқа тартуда бірден-бір себеп болатындығын атап өтті.

Ашылу салтанатында Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев сөз сөйледі, ал облыстық бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай ҚБФ президенті Тимур Құлыбаевтың сәлемдеме хатын оқып берді.

Турнир AIBA ережелеріне сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша өтеді (46-49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 кг). Сайысқа төрелік етуге 15 адам келіп отыр, оларды AIBA төрешісі Мохаммед Камел Шбиб бастап келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или