Қазақстан U-17 алғашқы кездесуінде жеңді

Қазақстан U-17 алғашқы кездесуінде жеңді

Тараз қаласында 1999 жылғы футболшылар арасында өтіп жатқан КСРО спорт шебері Антон Рохусович Шохты еске алуға арналған VIII халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді.

2000 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан құрамасы өзбекстандық  «Спартак» командасымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтың бірінші минутында жартылай қорғаушы Арман Кеңесов есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Сәлден соң Денис Красноперов есепті еселей түсті. Үзіліске дейін өзбекстандық футболшылар есеп айырмасын қысқартты. Ал, екінші таймда тек қазақстандық футболшылар гол соқты. Алдымен Еркебұлан Сейдахмет көзге түссе, араға бір минут салып алаңда оны ауыстырған Виктор Грабко мергендік танытты. Қорғаушы Санжар Әйтім ойынның аяқталуына екі минут қалғанда есепті қорытындылады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ертең ресейлік «Ротор» командасымен кездеседі. Матч сағат 16:00-де басталады.

«Спартак», Ташкент – Қазақстан U17 – 1:5 (1:2)

Голдар: Ибрагимов 23 – Кеңесов 1, Красноперов 6, Сейдахмет 58, Грабко 59, Әйтім 88

Қазақстан U-17: Медведев, Махан (Сауытов 60), Кеңесов (Усачев 58), Красноперов (Шәмші 31), Сейдахмет (Грабко 58), Совет, Әйтім, Ілиясов (Нұрсейітов 67), Сағнаев, Жақыпбаев (Қайыркенов 26).

Жарыстың алғашқы күні өткен өзге де ойындардың нәтижелері:

РКОР, Ташкент  –  Қайрат, Алматы  - 0:0

Ротор, Волгоград  –  Абдыш-Ата, Қант  - 5:1

Монтажник, Тараз  –  РДСШЮР, Бішкек  - 5:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или