Дэнни Гарсия: «Головкин Альварес үшін тым ірі»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жартылай орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы 28-жастағы америкалық боксшы Дэнни Гарсия мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы өз ойын айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Менің ойымша, бұл жанкүйерлер аңсап жүрген үлкен жекпе-жек. Бірақ бұл кездесу өтпейтін сияқты. Себебі, Канело - бокс жұлдызы. Бұл кездесу тек Головкинге керек. Ол Альварес үшін тым ірі боксшы. Канело - Golden Boy Promotions компаниясының басты жұлдызы. Альварес-Головкин кездесуі Оскар де Ла Хойя үшін тиімсіз. Жалпы, «Трипл Джиге» басқа қарсыластар жетеді. Мен оның Эрисланди Лара, Даниэл Джейкобс, Андре Уорд пен Хильберто Рамиреске қарсы кездесуін көргім келеді».</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или