Артуро Видаль: «Атлетико» Чемпиондар лигасының финалына лайықты емес»

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Бавария» мен «Атлетико» (2:1) матчынан кейін мюнхендік клубтың жартылай қорғаушысы Артуро Видаль қарсыластың ойын мәнері ұнамағанын айтты.

«Бүгін «Атлетиконың» жаман ойыны әлемдегі үздік футболға қарсы тұрды. Испаниялықтар допты тек гол соққан кезінде ғана көре алды. Футболда қашан да мықтысы жеңе бермейді – бұл матч соған мысал. «Атлетико» Чемпиондар лигасының финалына лайықты емес», - деді Видаль.

Естеріңізге сала кетсек, «Бавария» мен «Атлетико» екі ойынның қорытындысы бойынша 2:2 есебімен тең түсті, бірақ мадридтік команда сырт алаңда соққан голының арқасында финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или