Ресей құрамасының бапкері: «Қазақстан кез келген қарсыласқа қиындық тудырады»

Қазақстан құрамасының хоккейшілері Мәскеу мен Сан-Петерборда өтетін әлем чемпионатында кез келген қарсыласқа үлкен қиындық тудырады. Ресей олимпиадалық құрамасының бас бапкері Олег Браташ осындай пікір білдірді.

«Оларда шебер ойыншылардың бар екенін бәрі біледі, әсіресе, қазақстандық легионерлерді атап өтуге болады. Бұл олардың ең басты күші, бірақ жақсы ойнайтын басқа ойыншылары да бар. Олар әлем чемпионатында мықтырақ көрінеді деп ойлаймын. Шетелдік ойыншылардың менталитетін білемін, олар жолдастық кездесулерде 100 пайыз күшін салмайды. Олар кез келген командаға қиындық тудыра алады», - деді Браташ.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейдің олимпиадалық құрамасы Қазақстанды жолдастық кездесуде 5:1 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или