Кахабер Цхедадзе: «Мұндай ойындарда бір гол бәрін шешеді»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхедадзе «Астанаға» (0:1) қарсы матчтан кейін баспасөз мәслихатына қатысып, командасының неге жеңіліп қалғанын айтты.

– Қызықты әрі жақсы деңгейдегі футбол болды дей аламын. Екі деңгейлес командалар ойнады, бірақ мұндай матчта басында қарсыласқа басымдық беріп қойсаң, кейін қиын болады. Бірінші голдан кейін ойыншылардың жүйкесі сыр бере бастады. Екінші таймның алғашқы 20 минутында жоғары деңгейлі футбол көрсеттік деп ойлаймын, тамаша мүмкіндіктер ұйымдастырдық, бірақ оларды пайдалануымыз керек еді. Тағы да қайталап айтайын, екі мықты әрі бірдей команда ойнады, бірақ, өкінішке қарай, мұндай ойындарда бір гол бәрін шешеді. Бізге бұл ойынды ұмытып, алға жүре беру қажет. Біз 5 мамырда өз алаңымызда маңызды ойын өткіземіз, соған дайындалуымыз керек.

– «Астанаға» қарсы ойын «Қайрат» үшін осы маусымдағы ең ауыр кездесу деуге бола ма?

– Барлық ойын ауыр, оңай матч болмайды. Екі команда да қашан да чемпиондық пен жоғары орындарға таласады. Ойын қызулы әрі жылдамдық та жоғары өтті. Басқа ойындарға қарағанда күрес пен ойын сәттері көп болды.

– Қандай есеп күттіңіз?

– Біз жеңіс үшін ойнағанбыз. Әр ойында бізге жеңіс пен қолайлы есеп қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или