«Астана», «Атырау» және «Ордабасы» - ширек финалда

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалында алғашқы матчтар ойналды. Нәтижесінде «Астана», «Атырау» және «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

Елордалық команда өз алаңында Бірінші лига өкілі ақтаулық «Каспийді» қабылдаған. Ойын тағдырын бір ғана гол шешті. Төреші қосқан қосымша уақытта Таңат Нөсербаев алаң иелерін ширек финалға алып шықты.

«Астана» - «Каспий» 1:0

Гол: 1:0 – Нөсербаев 91

Шымкенттік «Ордабасы» да төменгі дивизионның командасымен күш сынасқан. Қызылордалық «Қайсар» қонақта шымкенттіктерге қарсылық көрсете алмады. Бұл кездесуде де матч тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 81-минутта Дәуренбек Тәжімбетов өз командасын алға шығарған, араға он минут салып Еркебұлан Тұңғышбаев ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 2:0. «Ордабасы» - ширек финалда.

«Ордабасы» - «Қайсар» 2:0

Голдар: 1:0 – Тәжімбетов 81, Тұңғышбаев 92

«Атырау» 1/8 финалда өз алаңында «Алтаймен» кездескен. Шығысқазақстандықтар «мұнайшыларға» біраз қиындық тудырғанымен, ойынның соңғы минуттарында гол жіберіп алды. 93-минутта Александр Дамчевски алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

«Атырау» - «Алтай» 1:0

Гол: 1:0 – Дамчевски 93

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или