Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Украинадан пенальти сериясында жеңілді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Украинадан пенальти сериясында жеңілді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Македония астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы УЕФА Даму кубогында Украина командасымен кездесті.

Есепті қазақстандық Анастасия Низамутдинова ашқан. Қазақстан құрамасының капитаны көп ұзамай есепті еселеді. Алайда бірінші таймның аяғына дейін украиналық қыздар таразы басын теңестіріп тастады.

Екінші таймда Әсем Жақсыбай қазақстандықтарды алға шығарған. Бірақ кездесу аяқталғанша қарсыластар тағы да есепті теңестірді. Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында украиналықтар сәттірек ойнады.

Турнирдегі соңғы ойынын Роман Заев шәкірттері Люксембургке қарсы 27 сәуірде өткізеді.

Қазақстан (U-17) - Украина (U-17)  -  3:3

Голдар: Низамутдинова - 2, Жақсымбай

Қазақстан: Алмасбай (Исмаилова), Жақсымбай, Флют, Садыкова, Волкова (Багули), Низамутдинова, Акбаева (Скуфина), Төлегенова, Жасұлан (Әділханова), Иванюк (Смағұлова), Серікбай (Серғали).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или