ҚПЛ. 7-тур. «Зениттің» Қазақстандағы «сарқыншақтары» көзге түсті

ҚПЛ. 7-тур. «Зениттің» Қазақстандағы «сарқыншақтары» көзге түсті

«PROСПОРТ» Қазақстан Премьер-Лигасының 7-ші туры аясында өткен кездесулерден шолуды ұсынады.

«Оқжетпес» Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдап, сенімді жеңіске жетті.

«Астана Арена» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен көкшетаулық клубтың пайдасына шешілді. «Оқжетпес» ойынның тағдырын алғашқы бес минуттықта шешіп тастады. 3-минутта Олександр Чижов көзге түссе, бір минуттан соң Жасұлан Молдақараев есепті еселеді.

Осы жеңісінен кейін «Оқжетпес» 16 ұпай жинап, павлодарлық «Ертіске» турнир кестесінде жетіп алды. Бірақ павлодарлықтар өз ойынын әлі өткізген жоқ. Ал «Ордабасының» еншісінде 10 ұпай бар.

«Оқжетпес» - «Ордабасы» 2:0 (2:0)

Голдар: 1:0 – Чижов 3, 2:0 - Молдақараев

Қостанайлық «Тобыл»  өз алаңында талдықорғандық «Жетісумен» тең тарқасты.

Ойын алаң иелері үшін сәтті басталған. Рауль Джалилов 1-ші минутта-ақ қанжығасын майлады. Араға 12 минут салып Джалилов есепті еселеді. «Тобыл» кездесу тағдырын шешіп тастағандай көрінген. Бірақ үзілістен кейін талдықорғандықтар таразы басын теңестіріп кетті. 54-минутта Душан Савич көзге түссе, екі минуттан соң Бауыржан Тұрысбек есепті теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 2:2.

«Тобыл» - «Жетісу» 2:2 (2:0)

Голдар: 1:0 – Джалилов 1, 2:0 – Джалилов 13, 2:1 – Савич 54, 2:2 – Тұрысбек 56

Тараз қаласында жергілікті команда мен «Атырау» күш сынасты.

Турнир кестесінде көршілес келе жатқан қос команданың ойыны тең аяқталды. Жанкүйерлер бұл ойында гол көре алған жоқ. Қорытынды есеп – 0:0.

Тараз Атырау 0:0

«Тараз»: Григоренко, Данилюк, Мане, Воротников, Баялиев, Айтбаев, Сүлей, Байтана, Шахметов, Рымтаев, Нұрәлі;

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Ламанж, Аржанов, Шарпар, Трытко, Мулдаров, Кузьмин, Шабалин, Қонысбаев, Коробкин.

Төрешілер: Болат Кәрлібаев (Орал)

Ел біріншілігінің көшбасшылары арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады.

Кереку қаласының орталық стадионына келген көрермендер алғашқы 5 минута екі бірдей соғылған гол көрді. Алдымен алаң иелері сапынан өзінің бұрынғы командасына Елдос Ахметов соқса, артынша елордалықтардың сұрмергені Джордже Деспотович таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші таймның орта тұсында Серікжан Мұжықов «Астананы» есепте алға шығарған болатын. Алайда екінші кезеңде Фонсека Эричтің қақпасынан саңылау тауып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды.

«Ертіс» 2:2 «Астана»

«Ертіс» : Лория, Гогуа, Жирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу, Гетериев, Есимов, Ахметов, Мұртазаев;

«Астана»: Эрич, Постников, Каньяс, Твумаси, Деспотович, Максимович, Аруна, Бейсебеков, Шомко, Мұжықов , Логвиненко.

Голдар: Ахметов 3, Фонсека 58 – Деспотович 6, Мұжықов 28

Бас төреші: Анатолий Вишниченко (Костанай)

«Орталық», Кереку

Қазақстан чемпионатының соңғы сатысында келе жатқан қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «Ақжайықты» жеңіп кетті.

Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы, «кеншілердің» капитаны Андрей Финонченко. Ол алғашқы таймның 17-ші минутында Калменов қорғаған қақпаның кілтін тауып, командасына алғашқы үш ұпайын алып берді.

«Ақжайық» 0:1 «Шахтер»:

«Ақжайық»: Калменов, Говедарица, Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов, Мальцев, Омаров, Сергиенко, Хаиров, Шурыгин;

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Горячий, Ермеков, Финонченко, Байжанов, Скорых.

Гол: Финонченко 17

Бас төреші: Руслан Дузмамбетов (Өскемен)

«Ақжайық», Орал

«Қайрат» футбол клубы Алматы қаласындағы Орталық стадионда өз алаңындағы алғашқы жеңісіне жетті.  Цхададзе шәкірттерінің соққан үш голына «ақтөбеліктер» мардымды жауап қайтара алмады.

Кездесу өте қарқында басталды. Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан алаң иелерінің гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Алайда біресе Гоу шатысса, енді бірде Самат Отарбаев өзінің мықты қақпашы екендігін дәлелді. Дегенмен, 10 шақты соққыдан кейін «Қайрат» ойыншылары есепті ашты. Алаң шетінде допқа талас жүргізген Анатолий Тимощук допты Жерарға асырды, ал Гоу өз кезегінде қақпа маңында тұрған командаласына әуелетіп пас берді. Бойы ұзын Жарко Маркович аса қиындықсыз допты қақпаның алыс бұрыштығына дәл түсірді.

Арада екі минут өтісімен алаң ортасынан Исламхан ашылып бара жатқан Гоуға тамаша пас асырды. Қақпа маңына келгенде Жерар Гоу өзінің гол соғатын мүмкіндігіне қарамастан әріптесі Андрей Аршавинге пас берген болатын. Ал «Шава»  өзінің Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Екінші таймның соңғы минуттарында Анатолий Тимощуктің жасаған қитұрқы соққысын Самат Отарбаев қайтара алмады.

Осылайша, Кахабер Цхададзе шәкірттері өз алаңындағы бірінші жеңісіне жетті. Ал Аршавин мен Тимощук «Қайрат» сапындағы алғашқы голдарын соқты.

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 3:0 (2:0)

Голдар: Маркович 42, Аршавин 44, Тимощук 91

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или