Геннадий Головкин: «Бұл жекпе-жек достарыма деген жақсы сыйым болады»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен кейін қысқаша сұхбат берді.

«Алдымен өз достарыма алғыс айтқым келеді. Достарым! Мен сендерді сүйемін, жігіттер! Бұл жекпе-жек менің оларға деген жақсы сыйым болады деп сенемін. Уэйд те мен сияқты ешқашан жеңіліп көрмеген. Ол мықты және міндетті үміткер. Бұл жекпе-жекке мен барлық белбеулерімді - WBC (Interim), WBA, IBF, IBO тігіп отырмын»,- деді қазақстандық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 24 сәуірде 7:20-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или