Футболдан әйел баптаған команда әлемде тұңғыш рет чемпион атанды

Жұма күні «Истерн» «Оңтүстік Қытайды» 2:1 есебімен ұтып, Гонконг Премьер-лигасының чемпионы атанды.

Baq.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, «Истерннің» бапкері - 27 жастағы Чан Юн Тин. Ол ерелер футбол командасын жоғары дивизионда жеңіске жеткізген тарихтағы алғашқы әйел болып отыр. Титулды жеңіп алу үшін оған бар болғаны бес ай ғана уақыт кеткен: ол «Истерннің» тізгінін желтоқсанда алған.

«Истерн» 1995 жылдан бері осымен бесінші рет Гонконг чемпионатында жеңіс тойын тойлады.

Төрт жыл бұрын «Истерн» үшінші дивизионның чемпионы болған, ал келесі жылы екінші дивизионды ұтып, қайта элитаға оралған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или