«Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» боксшылары Шымкентте жұдырықтасады

«Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» боксшылары Шымкентте жұдырықтасады
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Астана Арланс&raquo; пен &laquo;Касикос Венесуэла&raquo; бокс командалары Шымкентте кездеседі. Дүниежүзілік бокс сериясының екі дүркін чемпионы &laquo;Astana Arlans&raquo; командасы өз қарсыластары &laquo;Касикос Венесуэла&raquo; командасымен бірге брифинг өткізді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, &nbsp;қос команда 22-23 сәуір күндері Шымкент қаласында қолғап түйістіреді. 22 сәуір күні 49, 56, 64, 75 , 91 келідегі боксшылар алаңға шығады. Ал 23 сәуірде 52, 60, 69, 81, +91 келідегі спортшылар өзара сынға түседі. Журналистердің сұрақтарына жауап берген команда жетекшілері додаға сақадай сай екендерін жеткізді.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, венесуэлалықтар осы маусымда &laquo;Раша боксинг тим&raquo;, &laquo;Рафако Гусар Поланд&raquo;, &laquo;Аргентина Кондорс&raquo; клубтарымен кездесті. Маусым қорытындысында венесуэлалықтар тек ресейліктерді алға жіберіп, екінші орынды иеленді. Кездесу сағат 21:30-да жеңіл атлетика манежінде өтеді</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или