Игорь Захаряк: «Шахтерде» орнымнан босатылғанымды ғаламтордан оқыдым»

Украиналық бапкер Игорь Захаряк MatchDay-ге берген сұхбатында қарағандылық «Шахтерден» қалай кеткені туралы айтып берді.

— Себебін өзім де білмеймін. Клубта атқарушы директордың ауысқанынан болар. Бұл қызметке келген Нидергаус Захаряктің командада болмайтынын бірден айтты. Ал, былай, ешкім маған себебін түсіндірген жоқ.

— Сіздің алдыңызға қойылған мақсат – команданы жоғары лигада қалдыру. Сіз оны орындадыңыз. Басшылыққа басқа не ұнамай қалуы мүмкін?

— Бұл сұраққа жауап беру қиын. Ішкі жүйелерінің қалай болғанын білмеймін. Ол жақта өте қиын жағдай болған. Нидергаустың өзі бір айдан кейін қызметінен кетіп қалды.

— Команда маусымнан соң демалысқа кетерде сіздің орныңыздан босатылатыныңыз туралы ештеңе айтылмады. Бірақ сіз клубтан кетіп қалдыңыз. Қарағандыда сіздің қызметіңізді қажет етпейтінін қашан білдіңіз?

— Нидергаустың бірінші сұхбатынан кейін, ол Захаряктің командада жүз пайыз қалмайтынын айтқан болатын.

— Яғни, бұл туралы ғаламтордан білдіңіз бе?

— Иә, әрине.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или