FIFA президенті «Қайраттың» жетістігін жоғары бағалады

«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев FIFA президенті Джанни Инфантиномен кездесті.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, жақында ғана FIFA президенті болып тағайындалған Джанни Инфантино екі күндік сапармен Мәскеуге келген. Сапар барысында ол «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевпен кездесу өткізді.

Қайрат Боранбаев Джанни Инфантиноны жаңа қызметімен құттықтап, оған табыс тіледі. Кездесу барысында «Қайраттың» басшысы FIFA президентіне клубтың инфрақұрылымдық нысандарын көрсетіп, қазақстандық футболдың қалай дамып келе жатқанын айтып берген.

Ал Джанни Инфантиноны «Қайрат» футбол клубының жеткен жетістіктерін жоғары бағалап, таңданысын да жасырмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или