Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

4-16 мамыр аралығында Беларусь Республикасында 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бұл турнирге алғаш рет Қазақстаннан екі төреші шақыртылды. Финалдық кезеңде қызмет атқаруға ФИФА төрешісі Эльвира Нұрмұстафина (Қарағанды) мен ФИФА төрешісінің көмекшісі Кристина Янушкевич (Қарағанды) мүмкіндік алды.

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңіне Беларусь, Сербия, Англия, Норвегия, Италия, Чехия, Германия және Испания құрамалары қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или