Қазақстан жасөспірімдері Украинаға есе жіберді

Македония астанасы Скопьеде өтіп жатқан УЕФА-ның Даму Кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші ойынын Украинамен өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Тартысты ойынның тағдырын 11 метрлік айып добы шешті. Қазақстандықтар сапынан Арман Кеңесов, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев және Еркебұлан Сейдахметтің қарымта қайтаратын мүмкіндіктері болды. Алайда, оларға сәттілік жетіспеді.

Ал, екінші ойында Македония мен Люксембург құрамасы 2:2 есебімен тең ойнады. Пенальти сериясында алаң иелерінің жолы болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Македониямен 0:0 (пенальти - 3:4) есебімен тең түскен еді. Александр Кузнецов шәкірттері ертең турнирдегі соңғы ойынын Люксембург құрамасымен өткізеді.

УЕФА Даму Кубогы

Қазақстан - Украина 0:1

Гол: Харжевски - 50 - пенальти

Алаңнан қуылған ойыншы: Әйтім - 78

Қазақстан: Медведев, Ульшин (Мамырбаев 41), Махан (Сейдахмет 41), Қашкен, Скворцов (Красноперов 30, Шәмші 55), Сағи, Әйтім, Ілиясов, Сағнаев, Жақыпбаев, Қайыркенов (Ким 30, Кеңесов 58).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или