Тимур Рудосельский: «Ақтөбені» өз алаңымызда жеңуіміз қажет»

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Тимур Рудосельский «Ордабасымен» өткен ойын жайлы және алдағы «Ақтөбеге» қарсы кездесу туралы айтып берді.

- Мен үшін негізгі құрамда шығу маңызды. Бас бапкер маған үміт артады. «Ордабасыға» қарсы ойын жайлы айтатын болсақ, гол соғатын мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, - деп бастады Тимур «Қайраттың» ресми сайтына берген сұхбатында.

- Бас бапкердің ауысуы командаға әсерін тигізді ме?

- Бізде жаңа бас бапкер. Оның футболға көзқарасы өзгеше. Бәлкім, бізге сәттілік жетіспеуде.

- Келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Бұл ойында алматылық команда өз алаңындағы бірінші жеңісіне қол жеткізе алады ма?

- Бар күшімізді салып, өз алаңымызда жеңуіміз қажет. Гол соғу өте маңызды, тек сол кезде ғана жеңіске жетеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или