«Қайрат» - «Шахтер» 0:0. Көптен күткен ойын үмітті ақтамады

Бүгін Алматының Орталық стадионында «Қайраттың» жанкүйерлері көптен күткен ойын өтті. Кахабер Цхададзе шәкірттері қарағандылық «Шахтер» клубына қарсы өз алаңындағы алғашқы матын өткізді.

Алматылық жанкүйерлер асыға күткен ойын тартысты өтті. Алайда қауіпті сәттердің көп болғанына қарамастан қос тарап бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ойын барысында Жерар Гоудың бірнеше гол соғатын тамаша мүмкіндіктері болған еді, алайда Кот'д Ивуарлық шабуылшының қанжығасы майланбады. Аршавин мен «Қайратты» көруге келген жанкүйерлердің қарасы көп болды, дегенмен көрермендер 90 минут бойы соғылған голды аңсап өтті. Сонымен қатар, матч аяқталуына 15 минут қалғанда алматылық ұжымның капитаны Бауыржан Исламхан ойындағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Қайрат - Шахтер - 0:0

Қайрат: Плотников, Куантаев, Рудосельский, Маркович, Тесак, Бакаев, Тимощук, Аршавин (Қуат 78), Ли (Исаэль 46), Исламхан, Гоу (Тавамба 82)

Шахтер: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби (Скорых 84) , Габышев, Пикалкин, Финонченко (Ермеков 66), Байжанов

Ескертулер: Исламхан 20 - Ягуби 20

Алаңнан қуылды: Исламхан 76

13 сәуір. Алматы. "Орталық" стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или