Роналду «Реалды» жартылай финалға алып шықты

Роналду «Реалды» жартылай финалға алып шықты

Мадридтік «Реал» өз алаңында германиялық «Вольфсбургті» қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті.

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында мадридтік «Реал» өз алаңында «қасқырларды» қабылдады. Бір апта бұрын Германияда алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Сондықтан бүгінгі ойында «Корольдік клубқа» үш гол айырмашылығымен жеңу керек болатын.

Ойынның алғашқы минуттарында Зинедин Зидан шәкірттері жылдам гол сала алды. 16-минутта Криштиану Роналду есеп ашса, бір минуттан соң португалиялық жұлдыз бұрыштама доптан соң екінші рет қанжығасын майлады. Екінші таймда Роналду айып соққысын сәтті орындап, есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, «Реал» алтыншы маусым қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығып отыр.

«Реал» - «Вольфсбург» 3:0 (2:0)

Голдар: 1:0 – 15 Роналду, 2:0 – 17 Роналду, 3:0 – 77 Роналду.

Реал Мадрид: Навас, Пепе, Марсело, Карвахаль, Рамос, Модрич (Варан, 90), Каземиро, Кроос, Бэйл, Роналду, Бензема (Хесе, 84).

Вольфсбург: Бенальо, Данте, Налдо, Родригес, Виейринья, Шюррле, Луис Густаво, Арнольд, Гилавоги (Дост, 80), Дракслер (Крузе, 32), Бруно Энрике (Калиджури, 72).

Ескертулер: Арнольд (45), Луис Густаво (76), Роналду (80), Данте (85), Виейринья (90).

«Сантьяго Бернабеу», Мадрид

Бірінші матч – 0:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или