«Әрбір соғылған голға қақпашы кінәлі». 4-турдан кейін айтылған ең қызықты пікірлер

Назарларыңызға Қазақстан чемпионатының төртінші турынан кейін бас бапкерлер мен ойыншылардың айтқан ең қызықты пікірлерін ұсынамыз.

«Ордабасы» клубының бас бапкер Бақтияр Байсейітов «Тобылға» қарсы кездесуде алаңға шықпаған, тіпті, тізімге ілінбеген Артурас Жулпаның ойынына баға берді.

- «Тобыл» ел біріншілігінің үздік командаларының бірі болып табылады. Қарсылас сапынан Хижниченко, Дудченко, Жқмасқалиев пен Жулпаның ойынын атап өткім келеді. Соңына дейін қарсыласып, жақсы ойын көрсетті.

«Тобыл» клубының қорғаушысы Денис Главина белгілі нәрсе жайлы:

- Қатыгездік жайлы... футбол бұл - балет емес! Бұл ойында әрбір сантимерт жер үшін қызу талас жүреді. Кім мықты - cол жеңіске жетеді.

«Атырау» клубының бас бапкері Владимир Никитенко «Судоремонтник» стадионының алаңы жайлы:

- Қазақстанда бұл жерден де жаман алаңдар бар. Қайта жөндеу жұмыстарын жасалуда. Біз осы алаңда жаттығу жасап, дайындаламыз. Жөндеу жұмыстарынан кейін мұнда мүлдем басқаша болады деп ойлаймын.

«Оқжетпес» клубының капитаны Әлібек Бөлешев маңызды

- Соққан голымды Антон Чичулинге арнағым келеді. Оның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Осылайша досымызға қолдау көрсеткіміз келді.

«Жетісу» клубының бас бапкер Алмас Күлшінбаев командасының жеңіліске ұшырағанына кім кінәлі екендігін анықтады.

- Қорғаушыларды кінәлағым келмейді, қақпашы да белгілі бір дәрежеде кінәлі. Қандай гол соғылмасын, бәрібір де қақпашының кінәсі бар. Бірақ өздеріңіз көрдіңіздер, қақпашы қайтара алмайтындай соққы жасалды. Демек, бұл бәрінің кәнісі. Алғашқы гол алаң ортасынан бастау алды, екіншісі өзіміздің қателігімізден кейін соғылды. Қорғаныс шебін кінәлағым келмейді, бұл біздің өз ішімдегі мәселе, өзіміз шешіп аламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или