ҚФФ Президенті Қостанайда футбол қауымдастығымен кездесті

Қазақстан футбол Федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов бастаған жұмыс тобы Қостанай облысында ісапармен болып қайтты. Бұл туралы ҚФФ баспасөз-қызметі мәлімдеді.

Іссапар барысында ҚФФ Президенті жергілікті әкімшілікпен футбол манежінің құрылысына бөлінген жер телімін қарап шықты. Ерлан Қожағапанов Қазақстанда жабық футбол манеждерінің құрылысының маңыздығын және оның балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына қосар әсеріне тоқталды.

Іссапар мақсаты аймақтағы футбол инфрақұрылымымен танысу және балалар мен жасөспірімдер футболының даму деңгейін бағалау болатын. Ерлан Тоқтарханұлы Қостанай қаласының спорт нысандарын аралады. Облыстың басты спорттық аренасы «Орталық стадионның» жұмысымен танасықаннан кейін жұмыс тобы футбол орталығының тәрбиеленушілері жаттығатын «Жастар» стадионында болып, жас футболшылармен сұхбаттасты.

ҚФФ өкілдерінің жұмыс сапары қаланың футбол қауымдастығымен өткен кездесумен аяқталды. Кездесуге Қостанай облысының федерация өкілдері, Облыстық спорт басқармасы мен спорттық нысандар басшылығы, футбол ардегерлері мен жаттықтырушылар, жанкүйерлер қатысты.

Кездесу барысында аймақтағы футболда қордаланған мәселелер көтеріліп, өңірде футбол инфрақұрылымын дамыту жолдары сөз болды. Облыс климатын ескерген басшылық қысы-жазы жаттығуға мүмкіндік беретін жабық футбол манеждерінің құрылысы балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына оң әсер ететіндігін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или