ҚПЛ. «Қайрат» пен «Ақтөбенің» алғашқы жеңісі. Ардагерлер ардақталған күн

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ақтөбе» мен «Қайрат» алғашқы үш ұпайларын қанжығаласа, «Астана» мен «Ертіс» жеңіліссіз сериясын жалғастыруда. Турдың басқа қызықты оқиғаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Бөлешев өз туған күнінде гол салып, «Оқжетпес» жеңіске жетті

Көкшетаулық «Оқжетпес» ел біріншілігінің төртінші турында оралдық «Ақжайыққа» қонаққа барып, үш ұпай еншіледі.

Өзінің 35-ші туған күнін көкшетаулық шабуылшы Әлібек Бөлешев голмен атап өтті. Ардагер шабуылшы 25-минутта қонақтарды есепте алға шығарған. Матч аяқталар тұста Ристо Ристович есепті 2:0-ге жеткізді. Айта кетейік, Әлібек Бөлешев 4 турдан соң үш рет қанжығасын майлады.

«Ақжайық» — «Оқжетпес» 0:2 (0:1)

Голдар: Бөлешев 25, Ристо Ристович 93

«Ақжайық»: Багаутдинов, Говедарица, Колуния, Коронел Ортиз, Николич, Хромцов, Валиулин, Сергиенко, Тапалов, Гридин, Коробов;

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чижов, Чертов, Нейн, Волков, Бандо, Куксин, Мангуткин, Хайруллин, Бөлешев, Қожамберді

Дмитрий Шомко «Астанаға» жеңіс сыйлады

Футболдан ел чемпионы «Астана» өз алаңында «Тараздан» айласын асырды.

«Астана» төрт турдан соң төртінші жеңісіне қол жеткізді. Станимир Стойлов шәкірттері үшін бұл матчта жеңіске жету оңайға соққан жоқ – Таңат Нөсербаевтың голына қонақтар Игорь Зеньковичтің дәл соққысымен жауап қатты. Ойынның аяқталуына он минут қалғанда ғана қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Дмитрий Шомко елордалықтарға жеңіс сыйлады.

«Астана» 2:1 (1:0) «Тараз»

Голдар: Нөсербаев 21, Шомко 82 – Зенькович 49

Астана: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси, Деспотович, Максимович, Шомко, Мұжықов, Нөсербаев, Логвиненко;

Тараз: Григоренко, Мера, Зенькович, Данилюк, Мане, Баялиев, Әмірханов, Айтбаев, Сүлей, Шахметов, Қараман;

«Қайрат» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Кахабер Цхададзенің «Қайрат» тізгініндегі алғашқы матчында алматылықтар «Атырауды» қапы қалдырды.

Ойын 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды Жерар Гоу салды. Осылайша, «Қайрат» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал «Атырау» болса, жеңіске жете алмай келеді.

«Атырау» 0:1 (0:0) «Қайрат»

Гол: Гоу 58

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Ламанж, Эссаме, Аржанов, Куртеян, Трытко, Балтаев, Мулдаров, Чуреев, Қонысбаев, Коробкин

«Қайрат»: Плотников, Гоу, Тимощук, Маркович, Рудосельский, Аршавин, Тесак, Бакаев, Исламхан, Қуантаев, Ли

«Ертістің» жеңісті сериясы жалғасуда

Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Ертіс» қарағандылық «Шахтерге» барып, кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

Павлодарлық клуб сабында қос қорғаушы көзге түсті. Бірінші таймда Георгас Фрейдгеймас қанжығасын майласа, үзілістен кейін Семир Керла ойынның нүктесін қойды. Осылайша Димитров шәкірттерінің жеңісті сериясы жалғаса бермек, оның үстіне, олар әлі өз қақпасына гол жіберген жоқ.

«Шахтер» - «Ертіс» 0:2 (0:1)

Голдар: Фрейдгеймас 26, Керла 58

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сэзоке, Ягуби, Габышев, Веторов, Пикалкин, Финонченко, Байжанов

«Ертіс»: Лория, Гогуа, Жирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу, Гетериев, Ахметов, Мұртазаев, Малый

Жұмасқалиев «Тобылды» жеңілістен құтқарып қалды

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» күш сынасып, тең тарқасты.

Дмитрий Огай шәкірттері маусым басталғалы ұпай жоғалту былай тұрсын, өз қақпасына гол да жібермеген еді. Алайда төртінші турда шымкенттік команда Владимир Логиновский қақпасына екі гол салды. Қонақтар да алаң иелері қақпасына қос доп соқты. Осылайша, «Ордабасы» мен «Тобыл» бір ұпайдан еншіледі.

Қазақстан чемпионаты. 4-ші тур.

«Ордабасы» - «Тобыл» - 2:2 (1:1)

Голдар: Төлебек 5, Диакате 66 – Шимкович 21, Жұмасқалиев 92

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица, Симчевич, Трайкович, Юнузович, Абдулин, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Толебек;

«Тобыл»: Логиновский, Деак, Кассай, Шимкович, Яворский, Главина, Дмитренко, Досмағамбетов, Мирошниченко, Мухутдинов, Хижниченко

Тартысты матчта «Ақтөбе» жеңіске жетті

Қос тараптың өтініші бойынша «Астана-Арена» стадионында өткен «Ақтөбе» мен «Жетісу» арасындағы матчта 5 гол соғылды.

Есепті«қызыл-ақ» жейделі команданың капитаны Самат Смақов айыпдобынан ашты. 25-ші минутта Никита Бочаров есепті еселей түсті. Екінші таймда қонақтар сапынан Мартин Кляйн есептегі айырмашылықты бір допқа қысқартқан еді, алайда артынша Тоқтар Жаңғылышбай командасының үшінші голын соғып кетті. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Душан Савич көзгі түсті. Қорытынды есеп 3:2 «Ақтөбенің» пайдасына.

«Ақтөбе» - «Жетісу» - 3:2 (2:0)

Ақтөбе: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Михалев, Каиров, Какимов, Смақов, Тотай;

Жетісу: Пасеченко, Кадио, Джалович, Клайн, Савич, Рудик, Демель, Сағындыков, Әмірсейітов, Тұрысбек, Калинин;

Голдар: Смақов 15, Бочаров 25, Жаңғлышбай 86 – Клайн 52, Савич 89

«Астана-Арена», Астана

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или