Madison Square Garden Геннадий Головкинді алып экраннан құттықтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бүгін 34 жасқа толуына орай Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden арена ұжымы аренаның кіре берісіндегі алып экраннан чемпионды құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

2013 жылы Геннадий Головкин Madison Square Garden аренада 2 жекпе-жек өткізді. Нақтырақ айтсақ, қаңтар айында америкалық Габриэль Росадоны, ал қарашада тағы бір америкалық Кертис Стивенсті сабады. Екі кездесу де нокаутпен аяқталды.

2014 жылы дәл осы аренада австралиялық боксшы Дэниэл Гилмен кездесіп, 3-раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Ал өткен жылдың соңында өткізген соңғы жекпе-жегінде британиялық Давид Лемьені 5 раунд бойы бет қаратпай соққының астына алды. Қарсылас жауап қатпағандықтан төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. бұл кездесуде отандасымыз WBA, IBO және WBC чемпиондық белбеулерін қорғап, Лемьенің тұңғыш иеленген IBF белбеуін тартып алды.

Естеріңізге саламыз, Головкиннің келесі жекпе-жегіне бас аяғы 14 күн қалды. 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Forum» аренада өтетін кездесудегі қазақстандықтың қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) болмақ. Қазірдің өзінде бокс кешіне 10 мыңнан астам билет сатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или