Бөлешев өз туған күнінде гол салып, «Оқжетпес» жеңіске жетті

Көкшетаулық «Оқжетпес» ел біріншілігінің төртінші турында оралдық «Ақжайыққа» қонаққа барып, үш ұпай еншіледі.

Өзінің 35-ші туған күнін көкшетаулық шабуылшы Әлібек Бөлешев голмен атап өтті. Ардагер шабуылшы 25-минутта қонақтарды есепте алға шығарған. Матч аяқталар тұста Ристо Ристович есепті 2:0-ге жеткізді.

Айта кетейік, Әлібек Бөлешев 4 турдан соң үш рет қанжығасын майлады.

«Ақжайык» — «Оқжетпес» 0:2 (0:1)

Голдар: Бөлешев 25, Ристо Ристович 93

«Ақжайық»: Багаутдинов, Говедарица, Колуния, Коронел Ортиз, Николич, Хромцов, Валиулин, Сергиенко, Тапалов, Гридин, Коробов;

«Оөжетпес»: Стаменкович, Чижов, Чертов, Нейн, Волков, Бандо, Куксин, Мангуткин, Хайруллин, Бөлешев, Қожамберді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или