Құралбек Ордабаев: «Александр Бородюк нағыз ер-жігіттің ісін істеді»

Құралбек Ордабаев: «Александр Бородюк нағыз ер-жігіттің ісін істеді»

«Қайраттың» даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаев алматылық команданың бас бапкері Александр Бородюктің өз еркімен орнын босатқандығын ер-жігіттің ісіне балады.

— Мойындау керек, Александр Бородюк нағыз ер-жігітке тән қылық танытты, — деп бастады сөзін «Қайраттың» даңқты қақпашысы liter.kz сайтына берген сұхбатында. — Ол команданың тізгінін уысынан шығарып алғанын дәл уақытында түсінді. Суперкубок үшін болған алғашқы матчта-ақ мұны байқауға болатын еді. Команда жаңа маусымға мүлдем дайын болмай шықты. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында не істегені белгісіз. Былтырғы маусымда ұжымның көшбасшысы болған Исламхан, Гоу, Тимощуктерге қараңызшы. Допты дұрыс қабылдай алмай, болмайтын жерден қателіктер жіберіп жатты. Тағы да, «Ақжайыққа» қарсы кездесуде пенальтиді Гоу немесе Исламхан емес, жаңа ойыншы Гаэль Тавамбаның орындағаны түсініксіз болды. Ол ойынға ені ғана араласып, тіпті, қызып үлгермеген еді. Міне, осындай қарапайым жайттардан команда ішіндегі тәртіпті байқауға болады. Бородюк кеш болмай тұрғанда команданың тізгінін біреуге ұстатуды дұрыс деп шешті. Ол әлі де болса жағдайды түзеуге болатынын түсінді, өйткені маусым енді ғана басталды. Осы үшін де оған алғыс айту керек. Сонымен қатар, келісімшартты бұзғанда өзіне тиесілі қаражатты сұраған да жоқ. Иә, бірақ ол өзіне деген сенімді жоғалтып алды. Алайда жеңілісті мойындай білетін сарбаз ретінде қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или