Еліміздегі «қымбат» және «арзан» ойыншылар

Футболдан Қазақстан чемпионатында трансфер уақыты аяқталып, командалардың толық құрамдары белгілі болды. Былтырғы маусымның қорытындысы бойынша кей ойыншылардың трансферлік құны күрт өсіп кетсе, кейбірінің бағасы арзандады. «PROСПОРТ» тілшісі биылғы жылы сатылым бағалары өскен, не азайған ойыншыларды саралап шықты.

Алдымен былтыр сәтті өнерімен көзге түсіп, биыл трансферлік құндары өсіп кеткен футболшыларға тоқталайық. Бұл тұста біз әлемдегі барлық ойыншылардың сатылым бағаларын санап отыратын немістің «Transfermarkt» порталына жүгіндік. Былтыр Чемпиондар лигасында жемісті өнер көрсеткен «Астананың» кей ойыншылары қымбаттапты. Оның ішінде Дмитрий Шомко мен Роджер Каньясты ерекше атап өтуге болады. Біріншісі 400 мың еуроға қымбаттап, бүгінде трансферлік құны 1 млн еуроға жеткен. Ал колумбиялық жартылай қорғаушы болса, 800 мыңнан 1,5 миллионға дейін өсіп кетіпті. Елордалық клуб сабына биыл ғана қосылған Юрий Логвиненко да едәуір «қымбаттаған». Оның құны қазір 800 мың еуро. <o:p></o:p>

«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан да былтыр нәтижелі ойынымен көзге түскен еді. Нәтижесінде оның сатылым бағасы 600 мыңнан 1 млн еуроға дейін жетіпті. Неміс порталы «Ордабасының» ойыншысы Гафуржан Сүйімбаевтың да былтырғы ойынын назардан тыс қалдырмапты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы бірден 400 мыңға қымбаттаған, Сүйімбаевтың биылғы құны – 600 мың еуро.

<o:p></o:p>

Былтыр көзге түскен кейбір жас футболшылардың құны да еселей түсті. Мысалы, «Ертістің» қорғаушысы Григорий Сартаков бүгінде 400 мыңға (былтыр 100 мың болған) дейін өссе, «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев биыл 400 мың еуроға (былтыр – 150 мың) бағалануда. «Қайраттың» ойыншысы Исламбек Қуаттың трансферлік құны оның былтыр қалай ойнағанын анық көрсете алады. Себебі былтыр 150 мыңға ғана бағаланған жартылай қорғаушының биылғы құны – 700 мың еуро.

«Transfermarkt» енді-енді ашылып келе жатқан жас ойыншыларға баға қоймайды. Олардың маусым барысында көрсеткен өнерінен соң, ойыншының жанына нақты бір баға жазылады. Былтырғы маусым алдында бағаланбай, биыл күрт қымбаттап кеткен жас ойыншыларымыз да жоқ емес. Мысалы: <o:p></o:p>

Дидар Жалмұқан 0 – 500 мың еуро («Ақтөбе» ФК)<o:p></o:p>

Абат Айымбетов 0 – 400 мың («Ақтөбе» ФК)<o:p></o:p>

Қуаныш Қалмұратов 0 – 300 мың («Атырау» ФК)<o:p></o:p>

Владислав Васильевич 0 – 300 мың («Шахтер» ФК)<o:p></o:p>

Мирас Төлиев 0 – 300 мың («Оқжетпес» ФК)

<o:p></o:p>

Чемпионатымызда трансферлік құны жүздеген мыңға арзандап кеткен футболшылар да бар. Бір қызығы, олардың барлығы легионерлер. Шетелдік ойыншылар біздің біріншілікке мансабы құлдырап бара жатқанда ғана келеді деген пікір еріксіз ойға түседі. Мысалы, «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин. Бір жылдары лондондық клубқа енді ауысып жатқан кезінде оның трансферлік құны 20 миллион еуродан асқан. Биылғы бағасы – 500 мың. Былтыр «Кубаньде» жүргенде хавбек 1 миллионға бағаланыпты. <o:p></o:p>

Былтыр киевтік «Динамода» ойнаған Аруна Лукманның трансферлік құны 2 млн болыпты. Ал биыл ол 500 мың еуроға арзандады. «Ордабасының» черногориялық шабуылшысы Филип Касалицаның да бағасы 500 мыңға төмендепті – қазір 1 млн еуро. Кезінде «Ақтөбеде» жасындай жарқылдап, биыл Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралған Малик Мане де арзандаған. «Ордабасының» ойыншысы дәл қазір 500 мың еуроға (былтыр 1 млн) бағаланады. Шымкенттіктердің өзбекстандық шабуылшысы Александр Гейнрих былтырғы маусымды сәтсіз өткізген еді. Нәтижесінде оның да бағасы Манемен теңесті (былтыр 800 мың). Олардан бөлек, биыл ғана ел чемпионатына ауысып, бағалары арзандаған легионерлер үштігі мынадай: <o:p></o:p>

Бесарт Абдурахми 1 млн – 750 мың («Астана» ФК)<o:p></o:p>

Джиби Фалль 500 мың – 200 мың («Ертіс» ФК)<o:p></o:p>

Саша Стаменкович 700 мың – 400 мың («Оқжетпес» ФК)

<o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или