«Ертіс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Ел чемпионатының 3-турында павлодарлық «Ертіс» «Атырауды» өз алаңында қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті.

Бірінші таймда жанкүйерлер гол көре алмады. Есесіне үзілістен кейін матч оқиғаға бай болды. 50-минутта Роман Мұртазаев алаң иелерін алға шығарды. Араға сегіз минут салып Сергей Малый есепті еселеді.

65-минутта «мұнайшылар» он ойыншымен қалды – Владимир Кузьмин алаңнан қуылған. Мұны сәтті пайдаланған павлодарлықтар 81-минутта Гогита Гогуаның көмегімен есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, «Ертіс» турнир кестесінде көш бастауын жалғастыра бермек.

«Ертіс» 3:0 (0:0) «Атырау»

Голдар: Роман Мүртазаев 50, Сергей Малый 59, Гогита Гогуа 82

«Ертіс»: Давид Лория, Гогита Гогуа, Томаш Йирсак, Карлос Фонсека, Георгас Фрейдгеймас, Оусман Джаллоу, Игнасио Хосе Эррера Фернандес, Қазбек Гетериев, Александр Кислицын (Руслан Есімов 25), Елдос Ахметов, Сергей Малый.

«Атырау»: Жасұр Нәрзіқұлов, Абдель Даманж, Гай Стефан Эссаме, Владимир Аржанов, Вячеслав Шарпар, Пшемыслав Трытко, Алдан Балтаев, Алексей Мұлдаров, Владислав Кузьмин, Ұлан Қонысбаев, Валерий Коробкин.

Ескертулер: Давид Лория 6 – Пшемыслав Трытко 6

Алаңнан қуылды: Владислав Кузьмин 65

Төрешілер: Акмалхан Холматов (Қызылорда), Сергей Васютин (Алматы), Максим Панин (Қостанай)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или