Жанкүйерлері бөтелке лақтырғаны үшін клуб айыппұл төлейді
<p style="text-align: justify;">
<strong>Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бас жаттықтырушы Бахтияр Байсейітов Қазақстан премьер-лигасының екі ойынынан шеттетілді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы Корреспондент жазады. Онымен қоса оған 650 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Себебі Байсейітов шәкірттерінің астаналық футболшылармен кездесуі барысында ордабасылықтардың жеңілісін уайымдаған болу керек, алаңға шығып кеткен еді. Ол аз дегендей, «Ордабасы» клубы өз жанкүйерлерінің матч барысында алаңға пластикалық бөтелкелерді тастағаны үшін 600 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, 30 наурызда федерация жанындағы тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында осындай шешім шығарды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или