Самат Смаков: «Отандық жаттықтырушылар үшін қуаныштымын»

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Самат Смақов ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатта Грузияға қарсы өткен матч туралы баяндады.

- Сэм, нәтиже қанағаттандыра ма?

- Иә, көңлімнен шықты. Бұл жаққа оң нәтиже үшін келдік. Осы ойынымыздың арқасында мұның алдындағы жеңіс кездейсоқтық емес екенін дәлелдедік. Грузия құрамасы Әзірбайжаннан мықтырақ. Сондықтан тең есеп – жаман емес.

- Ауа райы кедергі келтірді ме?

- Иә, қатты жел соғып тұрды. Допты дұрыс тоқтатудың өзі қиынға соққан.

- Біздің қақпаға гол кіргенде, қапталдан берілген допқа төрт қорғаушымыздың біреуі де жете алмады. Өзіңді кінәлі деп санайысың ба, олқылық үшін?

- Әрине, жауапкершілік менің мойнымда. Пастың өзі вертикалды, ыңғайсыз болды. Орталық қорғаушылар қалай да болса жету керек еді ол допқа. Грузия құрамасы тактикалық тұрғыда өте сауатты, дегенмен біз көп сәтте олардың алдын орап, жылдамдық көрсеттік.

- Соңғы екі ойындағы нәтиже қазақстандық бапкерлердің біліктілігін байқатты ма, қалай ойлайсың?

- Бапкерлер жайында пікір білдірсем дұрыс болмас. Бірақ отандық жаттықтырушылар үшін қуаныштымын. Алдағы шешімді футбол басшылары қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или