Владимир Вайсс: «Қазақ футболы жыл сайын дамуда»

Футболдан Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Қазақстанға қарсы матч алдында ProsportKz.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Владимир Владимирович, Қазақстан құрамасын зерттедіңіз бе?

- Қазақстан құрамасы жайлы айтатын болсақ, Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың 95 пайызы - бұл елдің үздік футболшылары. Бұл тізімде менің сүйікті қазақстандық ойыншым Аслан Дарабаев ғана жетіспейді. Сондай-ақ, жарақатына байланысты Таңат Нөсербаев Тблисиге келе алмады.

Әзірбайжанға қарсы ойында қазақтар өте жақсы ойын көрсетті. 3:0 есебімен ұтуға және 1:1 есебімен тең ойнауы да мүмкін еді. Қазақ футболы жыл сайын дамуда. Мұны «Астана» мен «Қайраттың» ойындарынан байқауға болады. Алматылық команда мәңгі есімде қалады. Қазақстанда керемет үш жыл өткіздім. Барша қазақстандықтарға сәлем айтамын. Әлі де Қазақстанға оралуым мүмкін... Футболда не болатынын тек бір құдай біледі.

Әрине, қазақстандық ойыншыларды мен жақсы білемін. Әзірбайжан-Қазақстан кездесуін үш рет көрдім. Қазақстан құрамасын өте мұқият зерттедік. Ойын өте қызық болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда, мен Грузия құрамасының бас бапкерімін. Яғни, Қазақстанға қарсы ойында жеңіске жету мен үшін өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или