Бесарт Абдурахими - «Астананың» жаңа ойыншысы

«Астана» командасын бельгиялық «Локереннің» македониялық жартылай қорғаушысы Бесарт Абдурахими толықтырды.

Елордалық клубтың ресми сайтына сүйенсек, македониялық футболшы «Астанаға» жалға берілді.

Абдурахими Хорватияның Загреб қаласында дүниеге келді. Кәсіпқой футболшы мансабын жергілікті «Загреб» клубында бастады. 2014-ші жылдан бері Бельгия чемпионатында «Локерен» намысын қорғайды. Бельгиялық ұжым сабында Абдурахими 38 матч өткізіп, алты гол соққан болатын.

25-жастағы жартылай қорғаушы Македония құрамасының ойыншысы. Ұлттық құрама сабында Бесарт 12 ойын өткізіп, бір рет көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или