Бүгін Әлімханұлы мен Қызайбай рингке шығады

Бүгін Әлімханұлы мен Қызайбай рингке шығады
<p style="text-align: justify;"> <strong>Бүгін үш боксшымыз Назым Ищанова (60 келіге дейін), Назым Қызайбай (51 келіге дейін) және Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейін) Қытай Рио Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын турнирде сынға түседі.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> BNews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, кешкі 17:00-де Жәнібек Әлімханұлы жапониялық Макото Такахашимен, ал Назым Қызайбай бес дүркін әлем чемпионы үндістандық чемпион Мари Коммен кездеседі.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кету керек, 26 наурыз күні Дариға Шәкімова (75 келіге дейін) мен Абылайхан Жүсіпов (64 келіге дейін) алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастады. Шәкімова келесі айналымда моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен, ал Жүсіпов оңтүстіккореялық Хунчул Лиммен жолығады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или