«Барыс» ресейлік қақпашымен құрамын күшейтуі мүмкін

«Барыс» ресейлік қақпашымен құрамын күшейтуі мүмкін

Ресейлік қақпашы Дмитрий Николаев мансабын астаналық «Барыс» клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы «Трансферы КХЛ» Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, қазіргі уақытта Челябінің «Трактор» клубында өнер көрсететін қақпашы Қазақстанға ауысуы ықтимал. Алайда трансфердің шарттары мен келісімшарт мерзімі әзірге белгісіз.

26 жастағы Николаев 2026 жылдың қаңтарында мәскеулік «Спартактан» «Тракторға» ауысқан болатын. Бұған дейін ол Санкт-Петербургтің СКА клубында да ойнаған.

Құрлықтық хоккей лигасында Николаев 151 матч өткізіп, 84 жеңіске жеткен. Оның соққыларды қайтару көрсеткіші 91,9 пайызды, ал сенімділік коэффициенті 2,39-ды құрайды.

Айта кетейік, Николаев осы маусымда «Трактордан» «Барысқа» ауысқан алғашқы хоккейші болмауы мүмкін. 2026 жылдың жазында астаналық клубтың құрамын бұған дейін Челябі командасында ойнаған канадалық қорғаушы Логан Дэй толықтырған еді.

Әзірге Дмитрий Николаевтың «Барысқа» ауысатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама