Қазақстан Канада және АҚШ құрамаларымен ойнайды
2027 жылғы шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының матчтар кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы «В» тобында өнер көрсетеді. Ұлттық командамыздың қарсыластары Чехия, Словакия, Дания, АҚШ, Канада, Норвегия және Венгрия құрамалары болады.
Әлем чемпионаты 14-30 мамыр аралығында Германияның Мангейм қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 15 мамырда Чехияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:20-да басталады.
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:
15 мамыр, 19:20 — Қазақстан — Чехия
16 мамыр, 15:20 — Словакия — Қазақстан
18 мамыр, 19:20 — Қазақстан — Дания
19 мамыр, 19:20 — АҚШ — Қазақстан
21 мамыр, 19:20 — Канада — Қазақстан
22 мамыр, 15:20 — Норвегия — Қазақстан
24 мамыр, 19:20 — Қазақстан — Венгрия