1XBET - ставки на спорт

Даррен Диц «Барыстың» ірі жеңілісінен кейін пікір білдірді

Даррен Диц «Барыстың» ірі жеңілісінен кейін пікір білдірді

«Барыс» – «Сібір» (7:1) матчын новосібірлік клубтың қорғаушысы Даррен Диц қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Матч біз үшін қиын болды. Мұны есептен-ақ көруге болады. «Барыс» өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізді. Жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Біз бұған толықтай дайын болмадық.

– Сіз үшін «Барыс» бұрын ойнаған клубыңыз. Осыған байланысты толқу болды ма?

– Әрине, мұнда ойнау әрдайым жағымды. Жанкүйерлердің мені әлі де ұмытпай, қолдау көрсетіп жүргені қуантады. Мен оларға алғыс айтамын. Бірақ мен – кәсіби спортшымын. Мұнда келудегі мақсатым матчта жеңіске жету еді. Бүгін сәтсіз ойнадық, бірақ қорытынды шығарамыз, – деді «Сібір» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или