«Барыс» КХЛ-дағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді
«Сібірді» ірі есеппен жеңген «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында соғылған және өткізілген шайбалар айырмасы бойынша үздік клуб атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Новосібірлік командамен өткен кездесуден кейін, қонақтар ірі есеппен жеңілген матчта «Барыстың» соққан шайбасы – жетеу, өткізгені – біреу.
Қазір бұл ҚХЛ-дегі ең үздік көрсеткіш – +6. Тек СКА бұдан көп шайба соққан, алайда петербургтік клуб бір матч артық өткізіп, өз қақпасына алты шайба жіберіп алған.
Михаил Кравец шәкірттеріне ең жақын команда – «Салават Юлаев» (7:2). «Барыс» келесі матчын дәл осы Виктор Козлов шәкірттеріне қарсы ертең өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или