1XBET - ставки на спорт

«Барыс» ҚХЛ-дағы маусымның алғашқы ойыны алдында проморолик ұсынды

«Барыс» ҚХЛ-дағы маусымның алғашқы ойыны алдында проморолик ұсынды

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымы қарсаңында проморолик ұсынды. Бейнероликтің басты ұраны – «Бір рух – бір жол!». Бұл сөздер команданың чемпионат алдындағы бірлігін айқындайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 7 қыркүйекте, «Барыс» ҚХЛ-дың 2026/27 жылғы тұрақты чемпионатындағы алғашқы матчын өткізеді. «Барыс Аренадағы» өз алаңында Михаил Кравец шәкірттері новосібірлік «Сібірмен» кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Астаналық клуб чемпионатқа дайындықты тамыз айында бастаған. Маусым алдындағы жиын аясында «Барыс» Уфада өткен Башқұртстан Республикасы кубогына қатысып, кейін Санкт-Петербургке Николай Пучков атындағы турнирге аттанды.

Маусымаралық кезеңде «Барыстың» құрамы да өзгерді. Командаға Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков қайта оралды. Ол бұған дейін де астаналық клуб сапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда форвард «Адмирал» сапында ойнап, 64 матчта 13 ұпай жинады. Шестаковпен келісімшарт екі маусымға жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или