ҚХЛ-да ең көп табыс табатын хоккейшілер тізімі белгілі болды

ҚХЛ-да ең көп табыс табатын хоккейшілер тізімі белгілі болды

Хоккейшілердің өкілдері  ҚХЛ-да ең көп табыс табуы мүмкін (бонусты қоса алғанда)  ойыншылардың рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі бір шарттарды орындағаны үшін берілетін сыйақылар хоккейшілердің жалпы табысын айтарлықтай арттыра алады. Тізімнің көшін СКА клубының ойыншысы Рокко Гримальди бастады. Ол барлық бонус шарттарын орындаған жағдайда 192 млн рубльге дейін табыс табуы мүмкін.

Екінші орында «Металлург» командасының хоккейшісі Владимир Ткачев тұр. Барлық бонустық шарттарды орындаған жағдайда оның табысы 190 млн рубльге жетуі мүмкін.

Үздік үштікті «Автомобилист» ойыншысы Александр Барабанов түйіндейді. Оның ықтимал табысы — 174 млн рубль.

Алғашқы тоғыздыққа сондай-ақ Майкл Маклауд («Авангард») — 150 млн, Александр Хмелевский («Ак Барс») — 145 млн және Тревор Мерфи (СКА) — 145 млн рубльмен кірді.

Тағы үш орынды Даниэль Спронг («Автомобилист») — 140 млн, Кевин Хейс («Ак Барс») — 130 млн және Эндрю Потуральски («Авангард») — 130 млн рубльмен иеленді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или