Михаил Кравец: «Тағы бір қорғаушыны қатарымызға қосқымыз келеді»

Михаил Кравец: «Тағы бір қорғаушыны қатарымызға қосқымыз келеді»

«Барыс» құрамды күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Командаға тағы бір қорғаушы қажет, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тағы бір қорғаушыны қатарымызға қосқымыз келеді. Бұл жоспарымызда бар. Оның жүзеге аса ма, жоқ па – уақыт көрсетеді», – деді астаналық клубтың бас бапкері Михаил Кравец.

Бұған дейін «Барыстың» 27 жастағы канадалық қорғаушы Маркус Филипске қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Өткен маусымда хоккейші Санкт-Петербургтің СКА командасында өнер көрсетті. Оған дейін Нижний Новгородтың «Торпедо» клубының намысын қорғаған.

Филипс 2017 жылғы НХЛ драфтында «Лос-Анджелес Кингз» клубымен төртінші раундта жалпы 118-нөмірмен таңдалған. Алайда канадалық хоккейші НХЛ-де бірде-бір матч өткізген жоқ. Солтүстік Америкадағы мансабының барлығын АХЛ-де өткізді.

Филипс ҚХЛ-ға 2024 жылы ауысып, «Торпедомен» келісімшартқа отырды. Нижний Новгород клубы мен СКА сапында ол 134 матч өткізіп, 28 нәтижелі ұпай жинады. Оның еншісінде бес шайба және 23 нәтижелі пас бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или