Овечкин мансабын аяқтайтынын хабарлады

Овечкин мансабын аяқтайтынын хабарлады

Атақты ресейлік хоккейші, Овечкин өзінің мансабына қатысты маңызды шешімді 7 шілдеден кейін қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы шабуылшы алдағы уақытта Washington Capitals клубымен келісімшартты ұзартатынын немесе мансабын аяқтайтынын хабарлайды.

Өткен маусымда Овечкин NHL тұрақты чемпионатында 82 матч өткізіп, 32 гол соғып, 32 нәтижелі пас беріп, жалпы 64 ұпай жинады.

Айта кетелік, оның «Вашингтонмен» қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Сондықтан жанкүйерлер аңыз хоккейшінің болашағына қатысты шешімін тағатсыздана күтіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или